412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда карантин талаптарын сақтамаған 39 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды

  • 182
  • UPD: 22:03, 01.06.2020
Алматыда карантин талаптарын сақтамаған 39 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды

Олардың арасында дәмхана, дүкен, фаст фуд сататын және басқа да мекемелер бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұларға осыған дейін де ескерту жасалған екен. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте қаланың Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Ол қалада тосқауыл бекеттері алынғанымен, санитарлық ережелердің сақталатынын еске салды. Шаһарда коронавирус жұқтырғандардың саны 2647 адамға жетті. 1627 науқас аурудан айығып шыққан. Дегенмен өткен тәулікте тағы 31 адамнан вирус анықталған. Сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды дейді бас санитарлық дәрігер. Банкет пен үйлену тойларын өткізуге әзірге рұқсат жоқ. Қала маңындағы балаларды сауықтыру лагерлері де ашылмайды.

Жандарбек Бекшин, қалалық мемлекеттік бас санитарлық дәрігер:

– Биылғы жылы ашпайтын болдық. Неге десеңіз, ол жерде білесіздер, балалар шоғырланып ұйықтайтын, тамақтану орындары бар. Және де мектептің қасындағы интернаттарды ашпайтын болдық.

Хабар 24 телеарнасы