430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорданы залалсыздандыруға 80 адам мен 10 арнайы техника жұмылдырылған

  • 362
  • UPD: 13:53, 20.06.2020
Елорданы залалсыздандыруға 80 адам мен 10 арнайы техника жұмылдырылған

Елордада жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр.

Қаланы залалсыздандыруға 80 адам мен 10 арнайы техника жұмылдырылған. Қазір олар жүргінші жолдарын, саябақтарды, қоғамдық орындарды дәрілеуде. Кешкі алтыдан кейін өрт сөндіру көліктері тас жолдарға сұйықтық себеді. Мамандар бұл жұмыс ертең де жалғасады деп отыр. Ал ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар, әуежай мен вокзал басшылары қарамағындағы аумақты өздері дезинфекциялайды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысы осындай.

Айдын Бегімбеков, қоршаған ортаны қорғау және пайдалану басқармасы басшысының орынбасары:

– Қауіпсіздік шаралары, алдын алу шаралары бүгін-ертең өте күшейтілген режимде жүргізіледі. Халықтан үйде отыруларын, сыртқа шығып кедергі жасамауларын өтініп сұраймыз. Залалсыздандыру жұмыстары әрі қарай да жалғаса береді. ДДС ұйымы айтып жатыр ғой, жаңа бір толқыны келіп жатыр деп. Мұндай кезде залалсыздандыру жұмыстарын күшейту керек.  

Хабар 24 телеарнасы