423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Құрбан айт мейрамы карантин талабына сай өтуде

  • 239
  • UPD: 10:56, 31.07.2020

Құрбан айт қарсаңында Алматының кіреберістеріне қойылған полиция бекеттерінде жүк көліктері тексеріліп, құрбандыққа арналған мал тиегендері кері қайтарылған, хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, биыл құрбан шалу қашықтан жүргізіледі. Қазір Алматыдағы арна тілшісі Гүлжан Көленқызы бекеттердің бірінен тікелей эфирге қосылмақ.

Диктор:

- Гүлжан, қайырлы таң..Құрбан айт қалай басталды? Бекет қою карантин уақытында тиімді шешім болған сыңайлы.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Құрбан айт құтты болсын! Ия, биыл айт мерекесі ерекше өтуде. Жылдағы көз үйренген көрініс биыл байқалмайды. Қалада тікелей мал саудасына тыйым салынған. Оны қадағалау үшін қалалық бас санитар дәрігердің қаулысымен қаланың кіреберістеріне 14 полиция бекеті қойылып, үш күннен бері жұмыс істеуде.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және тұрғындар қауіпсіздігін сақтау мақсатында, 31 шілде мен 2 тамыз аралығындағы Құрбай айт мейрамында құрбандық шалу рәсімі онлайн форматта өтеді. Құрбандық шалу үшін Qurban2020.kz порталына өтініш қалдыру керек. Сол жерде құрбандыққа шалатын малды тандап, ақшасын төлеуге болады. Құрбандық шалынғандығы туралы есеп тапсырыс берушіге жіберіледі. Сонымен қатар сайт арқылы мұқтаж жандар етті алуға өтініш қалдыра алады.

Хабар 24 телеарнасы