422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жол белгілерінің 46 проценті талапқа сай келмейді

  • 137
  • UPD: 23:56, 29.10.2020
Елімізде жол белгілерінің 46 проценті талапқа сай келмейді

Елімізде тексерілген жол белгілерінің 46 проценті талапқа сай келмейді. Себебі оны жасайтын компаниялар лицензиясыз жұмыс істейді және керекті материалдарды пайдаланбайды.

Сондықтан бұл саланы қатаң бақылауға алу керек. «Жол активтері сапасы ұлттық орталығының» бас директоры Замир Сағынов осылай деп мәлімдеді. Соңғы 17 жылда Қазақстанда 270 мың жол көлік оқиғасы тіркеліп, 49 мың адам қайтыс болған. Қаза тапқандардың 50 проценті жастар. Апаттардың көбі сапасыз жолдар мен қолайсыз ауа райынан болады.

«Бірақ ең басты себеп адами фактор. Статистикаға сай жол көлік оқиғасының 30 проценті жылдамдықты асырғаннан болады» дейді орталық директоры. 

Замир Сағынов, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры:

- Тексерілген 5000-ға жуқ белгілердің 46%-ы нормаға сәйкес емес. 1620 шақырым жол белгілерінің 251 шақырымы стандартқа сәйкес келмейді. Қала көшелері бойынша белгілерген 50 % және таңбаланған 40% стандартқа сай келмейді. Келе жатқан жүргізуші белгіні көрмесе ол қай кезде шешім қабылдайды? Бұл назарда болу керек деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы