420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Алматы «сары» аймаққа енді

  • 144
  • UPD: 13:43, 23.12.2020
COVID-19: Алматы «сары» аймаққа енді

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа дерек ең көп тіркелген аймақ – Алматы қаласы «сары» аймақтар тізіміне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте мегаполисте инфекция жұқтырудың 88 жағдайы анықталған. Сөйтіп, індетке ілінгендердің жалпы саны 17700-ге жетті. Кеше ғана «сары аймаққа» Нұр-Сұлтан қаласы да енген болатын. Ал Атырау облысының эпидтүсі әлі «қызыл». Ел бойынша коронавируспен ауырып жатқан 239 қазақстандықтың жағдайы ауыр. 49-ы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен қатар коронавирус белгілері бар пневмониямен ауыратындар саны да көбейіп барады. Осы дертке шалдыққандар қатары өткен тәулікте 191 адамға өсті. Екі науқас қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы