419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Қазақстанда жолда қалған екі адам эвакуацияланды

  • 110
  • UPD: 12:55, 25.12.2020
Шығыс Қазақстанда жолда қалған екі адам эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облысында көліктері сынып жолда қалған 2 адам эвакуацияланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 желтоқсан күні сағат 06:30-да Абай ауданында құтқарушылар Қарауыл – Саржал тасжолының 15-ші шақырымында «Audi» маркалы автокөлігі бұзылып қалған екі тұрғынға көмекке келді.

«№46 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері көлікті Қарауыл ауылына дейін жеткізді. Осы ретте өңір халқына қауіпсіздік шараларын естен шығармау қажеттігін, алыс сапарға шыққан кезде «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы біліп отыруға болатындығын еске саламыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы