Елге оқ атқан кінәлілер анықталып, жазаға тартылады – ҚР ІІМ

Қоғамдық тәртіпті және елдің қауіпсіздігін сақтау кезінде 16 полиция қызметкері содырлардың қолынан мерт болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Полиция, қорғаныс министірлігі және Ұлттық ұланның 1330-дей қызметкері жараланды. Ерлан Тұрғымбаев қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, елге оқ атқан кінәлілердің бәрі анықталып, жазаға тартылатынын жеткізді.  

4 қаңтарда елдің бірқатар аймағында: Атырау,  Кызылорда, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстары мен Семей және өзге де бірқатар қалаларда бүлік туындады. Әсіресе Алматыда жағдай ушықты. Мұндағы ереуілшілер келіссөзге де шықпады. Дүкендер тоналып, мемлекеттік және басқа да мекемелерді қиратты. Бүлікшілер ғимараттарға от қойды. Ең қиыны бейбіт халыққа оқ атылды. Дәрігерлер, өрт сөндірушілер зардап шекті. Дегенмен тәртіп сақшылары мен әскерилер барынша ұстамды болып, жағдай тек бақылаудан шыққанда ғана іске кірісті. 800-дей қаскөй халықаралық әуежайға шабуыл жасады. 5 қаңтар күні де көптеген ғимараттар қирады. 6-7-сінде Тараз, Талдықорғанда қауіпті қылмысты топтар түрмелерге шабуылдады. Бұған полицейлер тойтарыс берді. Алматыда полиция ғимараты мен әскери бөлімдерге, блок бекетерге де шабылу жасалды. 

Жалпы 400-дей техника жойылған. Оның 346-сы ішкі істер органдарына тиесілі. 100-ге тарта ірі сауда орындары мен банктер тоналды. Шығын 87 млрд. теңгеден асады. Осыған байланысты көліктер мен азаматтар тексеріледі. Жалып іс шаралар өткізуге рұқсат жоқ. Қазірге дейін  5135 күдікті ұсталған. Оның 134-і ауыр қылмыс жасағандар. Шекарадан өтпек болған қылмыскерлер де қолға түсті. Қазір террорлық актілерге қарсы операциялар жалғасып жатқанмен, елдегі ахуал тұрақталды. Ішкі істер министірнің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев өз мәлімдемесінде осындай деректер келітріп, елді сабырлық сақтап, сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ішкі істер министрінің міндетін атқарушы:

– Арандатуға ермей, күдікті жағдайлар мен тұлғалар жайында полицияға хабарлауыңызды сұраймыз. Сол арқылы құқық қорғау органдарына елдегі тәртіпті сақтауға көмектесесіз. Бұған қоса, жалған ақпарат таратпау жөнінде ескертемін. Осындай қиын кезеңде тек мемлекеттік ресми дерек көздерге сену керек.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды