389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада 13 жастағы қызға тап берген күдікті ұсталды

  • 691
  • UPD: 10:47, 12.03.2019
Астанада 13 жастағы қызға тап берген күдікті ұсталды vsluh.ru

Елордада 13 жастағы оқушы қызға тап берген 19 жастағы күдікті жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, бірқатар БАҚ құралдарында Астана қаласында кеше күндіз 13 жастағы қыз балаға белгісіз ер адамның тап бергені туралы ақпарат таратқан болатын. Оқушы қыз дүкеннен шыққан кезде күдікті белгісіз адам оның артынан подъезге еріп кірген. Бірінші және екінші қабатты жалғап тұрған баспалдақ аумағында әлгі ер адам оқушыға тап берген.

Астана қаласының Полиция департаменті оқушыға тап берген күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында видеобақылау камераларының көмегімен 11 наурыз күні сағат 22.00 шамасында 19 жастағы Астана қаласының тұрғыны күдікті ретінде ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес бұдан басқа ақпарат таратылмайды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы