387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда қонақүй өртенді

  • 180
  • UPD: 13:05, 14.09.2019
Түркістанда қонақүй өртенді

Түркістан қаласында орналасқан «Яссы» кешенінің 2-қабатынан өрт шықты.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Алғашқы мәліметтер бойынша жарақат алған азаматтар жоқ. Алғашқы хабарлама сағат 11:01-де түскен. 11:34 өрт ауыздықталды. Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкелерінің көмегімен қонақ үйден 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 10 адам өздігінен шыққан. Оқиға орнында 5 техника мен 29 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Қонақ үйдің жалпы көлемі 2700 м2, жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 11:52-де толығымен сөндірілді. Тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы