426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кардиоорталық аумағындағы өрттен бір адам қаза тапты

  • 210
  • UPD: 00:31, 16.08.2020
Алматыда кардиоорталық аумағындағы өрттен бір адам қаза тапты

Алматыда кардиологиялық орталықтың аумағында оттегі баллондар сақталған қойма өртеніп, бір жұмысшы қаза тапты.

Өрт сөндірушілер жеткенше балондар жарылып, қойманың төбесін тесіп шыққан. Құтқарушылар 1 қабатты нысанның ішінен 6 баллон алып шықты.

Өкінішке орай, қойманың ішінде қалған 32 жастағы техникті құтқарып қала алмады. Өртті мамандар 40 минуттың ішінде сөндіргенін айтады. Отпен күреске 50-ден астам адам жұмылдырылған. 

Серік Әубәкіров, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

- Кислород тарату пунктінің бір жұмысшысы іште қалып қойғаны жөнінде ақпарат түсті. Оның көлігі аулада тұрғанын білдік. Сосын жедел іздей бастадық. Алайда оның жарылыс болып, төбесі опырылған бөлмеде қалғанын білгенде аман қалмайтынын түсіндік. Сондықтан мәйітті апаттан кейін бір-ақ алып шығуға тура келді.

Алматыда кардиоорталықтың оттегі сақтау қоймасы өртенді

Хабар 24 телеарнасы