387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


PNND жаһандық үйлестірушісі Қазақстаннан үлгі алуға шақырды

  • 455
  • UPD: 23:49, 21.04.2017

«Парламентарийлер ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру үшін» халықаралық ұйымы Қазақстаннан үлгі алуға шақырды.

Ұйым ядролық қаруы бар мемлекеттерге 2045 жылы өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының 100 жылдық мерейтойына дейін ядролық қаруын жоюға шақырып отыр.

Алин Вейр, PNND жаһандық үйлестірушісі:

- Астанада өткен бірнеше конференцияға қатысып, Қазақстанмен бірлесіп атқарған жұмысымызға ризамыз. Былтыр өткен сондай кездесудің нәтижесінде және АТОМ жобасы аясында «Астана көзқарасы: радиоактивті түнектен ядролық қарусыз әлемге қадам» декларациясы қабылданды. Семей полигонындағы сынақтардан жапа шеккендер ядролық сынақтардың жан түршігерлік жойқын салдары туралы бүкіл әлемді ескертеді. Президент Назарбаевтың БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойына қарай ядролық қарудан бас тарту үндеуін қолдаймын және бұл мақсатқа аталған мерзімнен бұрын жетуге болады деп ойлаймын. Қазақстанның осы игі бастамасы ядролық державаларды қарусыздану ісіне белсенді атсалысуға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы