386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қаласында Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жоғары деңгейде өтті

  • 464
  • UPD: 09:57, 29.06.2017

Сайлауға қалалық мәслихат депутаттарының 94 %-ы қатысып, өз таңдауын жасады.

Биылғы сайлаудың ерекшелігі – байқаушылар қанша таңдаушының тіркелгенін электронды түрде бақылады. Қалалық сайлау комиссиясының мәліметінше, Сенат депутаттығына 8 азамат өзін өзі ұсынған. Олардың бесеуі үміткер ретінде тіркелді. Сайлау барысын шетелдік және жергілікті 14 байқаушы қадағалады. Сайлау нәтижесі бойынша, үш үміткердің бірі Нүкетаева Динарға 34 таңдаушының 32-сі дауыс беріп, Сенат депутаттығына сайланды. Қалған екі үміткер таңдаушылардың бір-бір даусына ие болды.

Абдолла Сапарұлы, «Ауыл» ХДП партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы:

- Халықаралық байқаушылар мен жергілікті байқаушылардың тарапынан ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Сондықтан сайлау жоғары деңгейде өтті деп санаймыз. Сайланған депутатқа табыс тілейміз! Халқымызға қызмет етсін!

Жанна Асанова, Алматы қ. Сайлау комиссиясының төрайымы:

- Бәсекелестік жоғары болды деп айтуға болады. Себебі сенатқа кандидат болу үшін өзінің де бір ерекшеліктері бар. Қол қою парағын жинап, таңдаушылармен алдын ала қолданатын болған кандидаттар. Соған қарамастан 8 үміткер өзін өзі ұсынып, құжаттарын тапсырды. Оның бесеуін біз тіркедік. Ал сайлау барысында екі кандидат сайлаудан түсіп қалды.

Хабар 24 телеарнасы