386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы С.Ниинистёні Финляндия Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

  • 475
  • UPD: 13:40, 30.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев С.Ниинистёні президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік лауазымдық қызметіне табыс тіледі.

«Бұл жеңіс Финляндия халқының Сізді мемлекеттің жарқын болашағы үшін қызмет ететін шынайы патриот және өз елінің бірлігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін дана да тәжірибелі саяси көшбасшысы ретінде мойындауының айқын дәлелі. 

Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси байланыстарды дамытып, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мақсатымен тығыз әрі нәтижелі іс-қимыл жасап келе жатқанымызға қуаныштымын», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы