378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев Ресей федерация кеңесінің делегациясын қабылдады

  • 106
  • UPD: 23:36, 14.03.2019

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Константин Косачев бастаған федерация кеңесі делегациясын қабылдады.

Жиында Сенат төрағасы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастар тарихи тұрғыдан қарағанда ұзақ мерзімді әрі одақтастық сипатқа ие екенін атап өтті. Одан бөлек «Nur Otan» партиясының биылғы съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен әлеуметтік доктринаны іске асырудағы Парламенттің маңыздылығына тоқталды. Президент айқындаған шешімдерге шамамен 6,5 млрд доллар көлемінде қаражат бөлінбек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, екі ел парламенттері жоғарғы палаталарының арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта түсуде Ресей делегациясының бұл сапары аса маңызды. Өз кезегінде Константин Косачев қос мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтті. Кездесуге қатысушылар парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту және халықаралық ұйымдар аясындағы іс-қимылды үйлестіру туралы пікір алмасты.

Хабар 24 телеарнасы