378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әнуар Садықұлов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

  • 207
  • UPD: 16:12, 13.06.2019
Әнуар Садықұлов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды tengrinews.kz

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», - делінген Жарлықта.

Айта кетейік, Садықұлов осы қызметті 2014 жылы атқарған болатын.

Қазақстан президенті күзет қызметінің құрметті қызметкері Әнуар Садықұлов 1967 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

1991 жылы Алматы зооветеринар институтын бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. 1985-1987 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті.

- 1992 жылы ҚР президенті күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін Қазақстан президентінің жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген.

- 2006 жылы Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары – жеке күзет департаментінің бастығы болып тағайындалды.

- 2012 жылы Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары – президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған.

- 2013 жылы – Қазақстан президенті күзет қызметінің бастығы болды.

- 2014 жылы мемлекет басшысының өкіміне сәйкес ҚР мемлекеттік күзет қызметінің бірінші бастығы болып тағайындалды.

- 2014 жылғы шілдеден – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – «А» қызметінің бастығы.

2-ші дәрежелі «Айбын» және «Андропов» ордендерімен, 11 медальмен марапатталған.

Хабар 24 телеарнасы