383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сұлтановтың кандидатурасы ҚР Сауда және интеграция министрі қызметіне мақұлданды

  • 211
  • UPD: 16:18, 17.06.2019
Б.Сұлтановтың кандидатурасы ҚР Сауда және интеграция министрі қызметіне мақұлданды

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында ҚР Сауда және интеграция министрінің лауазымына тағайындалатын Бақыт Сұлтановтың кандидатурасын мақұлдады.  

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырып, Бақыт Сұлтановтың мол жұмыс тәжірибесі бар екендігін және қажетті басқарушылық құзыретке ие екендігін айтты. Талқылаулар мен сұрақ-жауап процедурасынан кейін комитет ҚР Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін Бақыт Тұрлыханұлының Сұлтанов кандидатурасын ұсыну мүмкіншілігі туралы қорытынды қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы