426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олжас Төлеуов Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

  • 183
  • UPD: 14:45, 07.09.2020
Олжас Төлеуов Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Экономист Олжас Төлеуов ақша-кредит саясатына, макроэкономикаға, экономикалық-математикалық модельдеуге және т.б. қатысты мәселелерге қатысады.

Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебін, сондай-ақ Ұлттық банктің магистратурасын бітірген.

Олжас Төлеуов әр жылдары AERC зерттеу және консалтингтік компаниясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде бизнес-аналитик позициясынан басқарушы директор лауазымына дейін көтерілді, стратегиялық мемлекеттік және квазимемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысты.

3 жыл бойы Ұлттық банктің Зерттеулер және статистика департаментінде жұмыс істеді, онда инфляциялық таргеттеу, экономикалық модельдеу және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу мәселелерімен айналысты. Кейінірек барынша танымал және БАҚ-та кеңінен таралған TENGENOMIKA экономикалық телеграм арнасын құрды.

Тағайындалғанға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті қызметін атқарды, ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының мүшесі болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы