432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

К.Мәсімов Қырғызстан МҰҚК төрағасының міндетін атқарушымен телефон арқылы сөйлесті

  • 128
  • UPD: 22:59, 08.10.2020
К.Мәсімов Қырғызстан МҰҚК төрағасының міндетін атқарушымен телефон арқылы сөйлесті

8 қазанда ҚР ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары – Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының МА Омурбек Суваналиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Қырғызстанда қалыптасқан жағдай талқыланды. Тараптар жағдайдың тез қалпына келетініне сенім білдірді.

Тараптар арасындағы уағдаластықтар аясында екі ведомствоның ынтымақтастығын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Хабар 24 телеарнасы