420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев Франция президентіне саулық тіледі

  • 403
  • UPD: 11:40, 18.12.2020
Қ.Тоқаев Франция президентіне саулық тіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулығы сыр берген Эмманюэль Макронның тез жазылып кетуіне тілектестік білдірді.

Ол бұл туралы өзінің твиттердегі парақшасында жазған. Жазбада «Франция Президентінің ел игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіріп, коронавирус індетін еңсереді деп сенемін!» делінген.

Хабар 24 телеарнасы