386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WBC Головкин мен Джейкобстың бейнесі ұйымның белбеуінде салынғанына байланысты пікір білдірді

  • 701
  • UPD: 22:01, 14.03.2017
WBC Головкин мен Джейкобстың бейнесі ұйымның белбеуінде салынғанына байланысты пікір білдірді ©REUTERS

Бүкіләлемдік бокс қауымдасты президенті Маурисио Сулейманның кеңесшісі Оксана Семенишина Геннадий Головкин мен Диниэд Джейкобс арасында өтетін жекпе-жектің белбеуі қалай әзірленгені туралы айтып берді.

Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлайды.

«Бұл – чемпиондық белбеудің 2014 жылы шыққан соңғы нұсқасы. Белбеуде бес сурет бейнеленген. Бұған дейін тек төрт боксшының бейнесі болған еді. Енді оған WBC ұйымының бұрынғы президенті Хосе Сулейманды және Мұхаммед Әли сонымен қатар дауыс беру қорытындысы бойынша таңдап алынған орта салмақтың ең мықты боксшылары Марвин Хаглер мен Карлос Монсонның бейнесін қостық.

Сондай-ақ бұл жолы біз бұл чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасатын боксшыларды да бейнеледік. Сондықтан да Головкин мен Джейкосбтың суреті белбеуде тұр. Бірақ Головкиннің бейнесі бұл жерде мәңгілік қалмайды. Тек нақты осы жекпе-жек үшін салып отырмыз. Ал ту туралы айтатын болсақ, ол Головкиннің кәсіпқой бокстағы жеткен жетістіктеріне байланысты салдық», - дейді кеңесші.

Айта кетейік, WBC өзінің ресми сайтында чемпиондық белбеудің дизайны өзгергенін ресми түрде хабарлаған еді. Жаңа дизайндағы белбеуде Қазақстан Республикасы мен орта салмақтағы боксшымыз Геннадий Головкиннің бейнесі бейнеленген.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы