389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Усэйн Болтқа Еуропаның футбол клубынан ұсыныс түсті

  • 564
  • UPD: 22:29, 16.10.2018
Усэйн Болтқа Еуропаның футбол клубынан ұсыныс түсті

Жүгіруден Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы Усэйн Болт Мальтаның «Валлета» клубынан шақырту алды.

Клубтың басқарушы директоры Гастон Слимен Олимпиада чемпионымен желтоқсанда өтетін Мальта суперкубогына дейін келісімшарт жасасуға үмітті екенін айтты. Болтқа екі жылдық келісімшарт ұсынылды, ал оның қаржылық шарты жарияланбады.

«Валлететде» чемпионды көруге әрдайым қуаныштымыз және мүмкін емес ештеңе жоғына сенеміз», – деп атап өтті Слимен.

«Валлета» алдағы бірнеше жылда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту мақсатын қойып отыр. Қазіргі таңда Болт Австралияның «Централ Кост Маринерс» сапында өнер көрсетіп жүр. Ал 12 қазанда ол кәсіпқой карьерасында алғашқы голын салды. 

Усэйн Болт сегіз рет Олимпиада және 11 рет әлем чемпионы атанған. Ол 100 (9,58 секунд) және 200 метрге (19,19 секунд) жүгіруден әлем рекордтарын орнатқан, деп жазады kaz.vesti.kz.   

Хабар 24 телеарнасы