378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

  • 248
Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады Prosports.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дүниежүзілік рейтингте 94-орында тұрған қазақстандық спортшы жартылай финалда әлемнің 134-ракеткасы, америкалық Варвара Лепченкомен кездесті. 

1 сағат 33 минутқа созылған кездесуде Дияс қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында америкалық Николь Гиббспен негізгі турнирге берілер жолдаманы сарапқа салады. 

Хабар 24 телеарнасы