Футзалдан 2019/2020 жылғы Қазақстан чемпионаты 3 шілдеде қайта жалғасады, деп жазды Prosports.kz.
Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Турнирдің қалған матчтары Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Еліміздің қазіргі чемпионы «Қайрат» АФК маусымның қалған бөлігін 3 шілдеде «Атырауға» қарсы матчпен бастайды.
Ұлттық чемпионаттың толық жарыс кестесі жақында жарияланады.