418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин – Шеремета жекпе-жегі қашан өтеді

  • 220
  • UPD: 17:42, 26.06.2020
Головкин – Шеремета жекпе-жегі қашан өтеді

IBF титулына үміткер поляк боксшысы Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевски қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек қашан өтетінін айтты, деп жазды Prosports.kz.

«Мен Геннадий Головкиннің командасымен байланыстамын. Біз қазанның екінші немесе үшінші сенбісінде немесе қарашаның бірінші сенбісінде жекпе-жек өтеді деп жоспарлап отырмыз. Бірақ бізде ешқандай сенімділіктің болмауы қорқынышты. Себебі бәрі өзгеріп кетуі мүмкін», - деді Василевски.

Бұған дейін промоутер Эдди Херн Головкин – Шеремета жекпе-жегінің тамыз айында өтуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Хабар 24 телеарнасы