379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Назарбаев қабылдаған шешімдер мегаполистің дамуына оң септігін тигізді – Алматылықтар

  • 135
  • UPD: 13:35, 21.03.2019

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі мәңгі қалары сөзсіз. "Алдымен экономика, сосын саясат" деген ұстанымды алға тартқан Елбасының мақсат-мүддесі қалай орындалды?

Бұл 1989 жылы тәуелсіздік табалдырығын аттағалы тұрған республиканың басшылығына келген Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа ант беруі.  1990 жылдың 25 қазанында Алматыда Қазақстанның Егемендігі туралы декларацияға қол қойылса,  араға жыл салып, 16 желтоқсанда  Республика өз тәуелсіздігін жариялады. Президенттің 1991-жылғы Семей  ядролық полигонын жабу туралы шешімі де  әсем қала Алматыда қабылданды. Ал 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта –теңге басылып, айналымға шықты. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздікке қол жеткен соң Қазақстан халқының саяси, экономикалық, әлеуметтік тіпті, рухани дамуына қатысты маңызды құжаттарды бекітті.

Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА президенті:

- Түркістан Униерситетіне жіберді мені, Қарағандыдан шақырып алып, ондағы негізгі  мақсат: Қазақстан түркі әлемінің қара шаңырағы болып қалу керек. Айтты вот сенің қолыңнан келеді, тақыр жерден болса да құру керек. Өйткені, Түркістан бізге керек. Түркістан біздің рухани астанамыз. Бұл үлкен саяси жеңісі болды Назарбаевтың. 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыртқы саясаттағы тағы бір жеңісі 1992 жылы БҰҰ-нда  тәуелсіз Қазақстан Республикасы атынан сөз алуы. Кейін халықаралық ұйым мінберінен Нұрсұлтан Назарбаев талай әлемдік мәселелерді де көтерді.

Ақмарал Арыстанбекова, мемлекет қайраткері:

-БҰҰ Бас ассамблеясында өткен  Қазақстан Президентінің алғашқы  сөзі әлі есімде. Ол, үлкен сенімділікпен Қазақстан Республикасын таныстырып, оның әлемдік аренада алар орны туралы нық сөйледі. Сондай-ақ, сол жиында Нұрсұлтан Назарбаев Азия, тіпті Еуразиядағы қауіпсіздік мәселелеріне кеңінен тоқталып, Азиядағы ықпалдастық  және сенім шаралары жөніндегі кеңес құру туралы  ұсынысын айтты. 

Нұрсұлтан Әбішұлы қабылдаған  осындай стратегиялық, батыл шешімдер арқылы қазақ елін бүгінде әлем таниды. Ал, астана деген мәртебесін, Астана қаласына бергенімен Алматы ұтылмады. Таудың бөктерінде,  білім-ғылым және руханияттың қаласы болып қалған мегополис тұрғындары, тұңғыш президентке   өз пікірлерін былай білдірді.

Блиц:

- Елбасы Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін қосқан үлесі өте зор деп ойлаймын. Енді Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде ел басында тұрды. Халықтың бірлігін, ынтымағын Тәуелсіздікті сақтап қалуға бар күшін салып, осындай күнге жеткізді.

- Осы жылдар арасында біраз жақсылықты жасады. Шүкір, аумин. Ол кісі бізге сыйлы болып, осындай лидер болып, ұлттық лидер болып есте солай қалады.   

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы қабылдаған маңызды шешімдер, 2 млн жуық тұрғыны бар мегополистің  экономикалық, әлеуметтік және инфроқұрылымдық дамуына өзінің оң септігін тиігізіп келеді дейді алматылықтар.

Авторлары: Алуа Маханбет, Нұрдәулет Жақсыбай

Телеканал Хабар 24