377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағанды облысында киікті қырғандар қолға түсті

  • 162
  • UPD: 11:54, 27.03.2019

Қарағандыда ен даланың еркесі ақ бөкендерді аяусыз қырған браконьерлер ұсталды.

Естеріңізге сала кетейік, 17 наурыз күні Қарағанды және Ақмола облысының аумағынан мүйізі кесілген 100-ден астам киіктің өлексесі табылған еді. Осы факті бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, тәжірибелі полицейлер мен кинологтар бір топ күдіктіні қолға түсірді. Сорақысы қандықол қасапшылардың арасында ауыл шаруашылығы министрлігінің «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының инспекторы да бар. Оларға сот шешімімен «қамауда ұстау» жазасы қолданылды. Күдіктілердің үйінен қылмыс қаруы мен киік мүйіздері тәркіленді. Тергеу жалғасуда.

Түркістан облысы қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Түркістан облысында қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері қолға түсті. Беттеріне бетперде киіп, суық қарумен букмекерлік кеңсеге баса-көктей кірген қылмыскерлер күзетшіге қару тақап, кассирден ақша талап еткен. Дегенмен кассада ақша болмағандықтан, қылмыскерлер құралақан қайтты. Тез арада бой тасалап үлгерген үшеуді ұстау оңай болмады. Полицияның олардың ізіне түсуі үшін бір жылға жуық уақыт кетті. Міне, қарақшылар ақыры қолға түсті. Ұсталғандардың бұрын істі болғаны да анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.   

Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД Баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Айғақ зат ретінде күдікті азаматтардан шолақ мылтық, травматикалық тапанша және бетперделер алынып отыр. Күдіктілер қамауда. Осы қылмыстық топ басқа да қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен тексеріліп жатыр.  

Петропавлда пәтер тонау дерегі тыйылмай тұр

Петропавлда пәтер тонады деген күдікпен бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған 42 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол жер үйде ешкім жоқ кезде пластикалық терезеден ішке еніп, 1,5 млн. теңгенің дүние-мүлкін алып кеткен. Ұрланған бағалы ішік, бас киім мен сақина, алқа сияқты қымбат киімдер пен зергерлік бұйымдар иелеріне тергеуден соң қайтарылады. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылып, қылмыстық іс қозғалды. Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 156 пәтер ұрлығы болған. Полицейлердің айтуынша, қылмыскерлер арам ойларын әсіресе адамдар еңбек демалысына шыққан уақытта жүзеге асырады екен.

Телеканал Хабар 24