Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ: Елордаға әлемге әйгілі сарапшылар келеді

  • 482
  • UPD: 07:33, 10.05.2018
АЭФ: Елордаға әлемге әйгілі сарапшылар келеді

Астана Экономикалық форумына әлемнің әр қиырынан 450-ден астам спикер келеді.

Олардың қатарында экономика саласындағы белгілі сарапшылар Шантаянан Девараджан мен Хавьер Сала-и-Мартин бар. Олар Global Challenge Саммитіне қатысатындығын растады. Шантаянан Девараджан – Дүниежүзілік банктің даму экономикасы жөніндегі директоры. Еңбек жолында аталған қаржы ұйымының Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы бас экономисі болып қызмет атқарған. 100-ден астам мақаланың авторы. Сондай-ақ ол дамушы елдердің мемлекеттік экономикасына, сауда-саттық саясатына, табиғи ресурстарына қатысты зерттеулер жүргізген. Ал Хавьер Сала-и-Мартин ғылыми ортада жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің негізін қалаушы ретінде танымал. Колумбиялық университеттің профессоры АҚШ-тағы Гарвард, Йель оқу орындарымен және Барселонадағы алдыңғы қатарлы университеттермен тығыз әріптестік орнатқан.

Хабар 24 телеарнасы