422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «New energy global startup fest» байқауы аяқталуға жақын

  • 788

Бүкіләлемдік стартап-жобалар байқауы аяқталуға жақын.

Ақтық сынға 36 елден келген 100 инновациялық компания қатысып, өзінің тың жобаларын қазылар алқасына ұсынды. Ішіндегі үздік деп танылған 30 жоба іріктеліп, келер жылы Елордада өтетін Экспо көрмесіне қатысады. Үміткерлер арасында 5 қазақ компаниясы бар. Айта кеткен жөн, қазылар алқасы іріктеу кезінде баламалы энергия саласындағы жобаларға басымдық берді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- 100 жобаның ішінде Қазақстанның үлесі бар. 5 жобаны жігіттер ұсынып отыр, олардың екеуі баламалы энергетика көздеріне байланысты. Қызығушылық бар, инвесторлар көріп отыр. Бәсекелестікте қазылар алқасы ең күшті жобаларды таңдайтын болады.

Ольга Крупская, байқау қатысушысы /Украина/:

- Мамандарымыз азық-түлік қалдықтарын бұрынғыдан 5 есе тез өңдейтін жаңа технология ойлап тапты. Тиімділігі де 10 есеге артты. Өңдеу кезінде қалдықтардың 95 пайызы игеріледі. Біз бұл жаңашылдықты әлемнің бірнеше елдерінде қолданысқа енгізуді діттеп отырмыз. Солардың қатарында Қазақстан да болады деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы