418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO көрмесінде Ұлыбритания павильоны ашылды

  • 958

2012 Францияда халықаралық көрмелер бюросына мүше болған Ұлыбритания –2017 жылы ЭКСПО-ны өткізуге үміткерлердің ішінен Қазақстанды таңдап, дауыс берген алғашқы елдердің бірі. Енді бүгін Ұлыбритания Астанада өз павильонының салтанатты ашылу рәсімін өткізіп, инновациялық мәдениетімен таныстыруға келіп отыр.

Павильонның тақырыбы жалпы көрменің ұстанған бағытымен үндес. «Энергия – ол біз». Осындай ұранмен Ұлыбритания өзінің энергия және тау-кен саласындағы ғылыми және инженерлік мол тәжірибесімен бөлісіп, жұмыстарымен таныстырады. Мұнда аумағы 17 метрлік 40 мың пиксельді панорамалық экран қойылған. Онда бейнеленген мінсіз табиғатты графистер 8 мың компьютердің көмегімен бір айда жасап шыққан.

Ал панорама ішінде қазақтың киіз үйімен пішіндес шыны құрылым бар. Сондай-ақ мұнда Ұлыбритания ғалымдары жақында жасаған «Графен» инновациясы көпшілік назарына ұсынылады. Бұл – жоғары технологиялық, өнер-табыстарда қолданылатын ең жіңішке әрі аса күшті материал.

Чарлз Хенри, Ұлыбритания делегациясының басшысы:

-Ұлыбританияның төл тарихын жаңа технологиялар арқылы көрсеткіміз келді. Ғылыми өнертабыстардың дені өзімізде жасалған. Павильонымызға келген қонақтар керемет әсерге бөленіп, жаңалыққа жаны құмартып шығады деген сенімдеміз. Жалпы Астанадағы ЭКСПО Қазақстан үшін  жаһандық  деңгейдегі ірі оқиғаның бірі ретінде тарихта қалары сөзсіз. Өйткені әлемнің әр түкпірінен осы елді көру үшін келетіндердің қарасы қалың. Бұл көрмеден кейін халықаралық аренада Қазақстанның шоқтығы бұрынғыдан да биіктей түспек. Шетелдіктер де осы көрмеге қарап, Қазақстанның сенімді әріптес болатынына көз жеткізе түседі.

Хабар 24 телеарнасы