423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

EXPO 2017: Сомалидің ұлттық күні өтті

  • 814

Бүгін ЕХРО көрмесінің өтіп жатқанына 21 күн болды. Осы уақыт аралығында көптеген мемлекет өздерінің ұлттық күнін атап өтті. Сомали республикасы да жасыл энергетиканы қолдайды. Бүгін бұл елдің - ұлттық күні.

Сомалиліктер өте көңілді халық. Ән мен биді жандары сүйеді. Сондықтан ЕХРО-ға салт-дәстүрлерінен хабар беретін бағдарлама дайындап әкелген. Олардың танымал әншісі Ник Косова осы шарада Сомали дәстүрлі әуендерінің желісіне құрылған афро-поп әндерін орындап берді.

Шараны дәл 1 шілдеге орайластырудың өзіндік мәні бар. 1960 жылдың 1 шілдесінде Сомали-ленд пен Сомали бірігіп, Сомали мемлекеті атанды. Қазір федеративтік республика. Сонау Шығыс Африкадан келген сомалиліктердің айтуынша, елдерінде жиі құрғақшылық болады. Сондықтан жасыл энергетиканы осы салаға қатысты технологияны меңгеру жолдарын қарастырып жатыр. Олардың басты мақсаты - баламалы энергияны қолдануда көш бастап тұрған мемлекеттердің озық жобаларымен танысып, әріптестік орнату.

Лушку Валушику, Сомали республикасының өкілі:

- Африка құрлығынан ЕХРО-ға 20-ға жуық мемлекет қатысып жатыр. Барлығы да жаңартылған энергияны табыстың көзі санайды. Сомалидің де күн энергиясына қатысты жобалары бар. Оны әлі де толықтыра түссек дейміз. Бізге бастысы - тәжірибе жинақтау керек. Ал Қазақстан маған ұнады. ЕХРО-ның дәл осылай жоғары деңгейде өтіп жатқандығы сіздердің Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы дер едім.

Хабар 24 телеарнасы