423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО-2017: Қазақстан жаһан болашағына бейжай қарамайтынын дәлелдеді

  • 594

ЕХРО-2017 көрмесін өткізу – Қазақстанның даму жолындағы ұтымды бастамалардың бірі.

Өйткені қыркүйек айында шара аяқталғаннан кейін ол жерде «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Болашақ энергиясы» жобаларын қолдау және «Жасыл» технологияны дамыту халықаралық орталығы ашылады. Мұндай мәтіндегі мақаланы «Хэленик Шипин Ньюз» халықаралық интернет басылымы жариялады. Сондай-ақ онда Астанадағы ЕХРО-ны тамашалау үшін алдағы екі айда тағы миллиондаған қонақтың келетіні айтылған. Өйткені халықаралық көрменің биылғы тақырыбы ерекше – «Болашақтың энергиясына» бағытталған. «Осының өзі Қазақстанның жаһан болашағына бейжай қарамайтын, өзіндік орны бар мемлекет екенінің белгісі» делінген мақалада.  

Хабар 24 телеарнасы