384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай көршілес елдермен ынтымақтастыққа ерекше мән береді – сарапшы

  • 1064

Жаһандық мәселелерді шешуде салмақты ұсыныстары тың бастамаларымен ерекшеленетін саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысуы елеулі оқиға. Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы жанындағы Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институтының директоры Ли Юнцюань осылай дейді. Оның айтуынша, Қытайдағы «Үлкен жиырмалықтың» жиынына Назарбаевтың келуі көршілес елдердің бірін бірі халықаралық аренада қолдайтынын білдіреді.

Ли Юнцюань, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институтының директоры:

- Мен әсіресе екі ел басшыларының арасындағы сенімді достықты атап өткім келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдағы, Си Цзиньпиннің Қазақстандағы іссапарларын алып қарасақ, барлығы да жемісті болғанын көреміз. Әсіресе, «Жібек жолы» экономикалық белдеуінің сіздегі «Нұрлы жол» стратегиясымен үйлесуі екі ел ынтымақтастығының ерекше қарқын алғанын байқатады. Назарбаевтың осы жолғы Қытайға жұмыс сапары да жемісті болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы