388,93 435,25 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эстонияда алғаш рет әйел адам президент атанды

  • 837

Ел тізгінін Еуропалық есеп комиссиясының өкілі Керсти Кальюлайд қолына алды.

101 депутаттың 81-і оны қолдап, дауыс берді.

Айта кеткен жөн, 24 қыркүйекте сайлаушылар алқасындағы дауыс беру нәтижесіз аяқталып, сайлауды қайта өткізуге тура келген еді. Алғашқыда әртүрлі саяси күштердің атынан түскен 5 үміткердің ешбірі лайықты дауыс жинай алмаған соң парламенттің ақсақалдар кеңесі партиялық фракциялармен келісе отырып, Керсти Кальюлайдтың жалғыз өзінің кандидатурасын ұсынды. Ол 1969 жылы туған. 4 баланың анасы. Эстонияның тұңғыш әйел басшысы президенттік қызметіне 10 қазанда кіріседі.

Хабар 24 телеарнасы