388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 19 бала қылмыскерлердің зәбіріне ұшыраған

  • 504

Маңғыстау облыстық ауданаралық соты жанында кәмелетке толмағандарға арналған «Достық» бөлмесі жұмыс істейді.

Бұл сот отырысы кезінде зәбір көрген балалардың айыпталушымен жүзбе жүз кездеспеуі үшін жасалған. Түрлі-түсті жиһаз, ойыншықтармен безендірілген арнайы бөлмеде балалар кітап оқып, жазу жазып, музыка тыңдап, теледидар қарай алады. «Достық» бөлмесі «Қылмыстың құрбаны мен куәгері болған кәмелетке толмағандарға көмек орталығы жобасы» аясында ашылып отыр. Онда психолог пен әлеуметтік қызметкерден бөлек заңгерлер де жұмыс істейді. Бір жылға таяу уақыт ішінде мұнда 9 бала жәрдем алған. Әр зардап шегушіге арналған жеке бағдарлама болады. Мамандардың айтуынша, оңалту жұмыстары бірнеше жылға созылады. 

Александр Муха, қылмыстың құрбаны мен куәгері болған кәмелетке толмағандарға көмек орталығының жетекшісі:

- Біз анонимді көмек көрсетеміз. Зардап шеккен бала жайлы ешқандай ақпарат жария болмайды. Ол жайлы арнайы келісім жасап аламыз. Біздің жәрдеміміз баланың өз-өзіне жылдам келуіне, ал ата-аналарының қыспақтан тез құтылуына ықпал етеді.

Айдарбек Тіленов, кәмелетке толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы:

- 2016 жылы 19 бала қылмыскерлердің зәбіріне ұшыраған. Оның ішінде 3 бала жыныстық зомбылық көрген. 4-еуі күш көрсетуге тап болып, ауыр соққы алған. Егер 2015 жылдың алғашқы 9 айымен салыстырсақ, статистикалық мәліметтер кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың өршіп кеткенін байқатады.

Хабар 24 телеарнасы