389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семей-Қалбатау тас жолының аяқсыз қалған бөлігі жөнделеді

  • 1616

Семей қаласы мен Қалбатау ауылының арасын жалғайтын жолдың аяқталмай қалған 34 шақырымы толық жөнделетін болды.

Бұл – халықаралық маңызы бар Омбы-Майқапшағай тас жолының бір бөлігі. Күрделі жөндеу жұмыстары осыдан 7 жыл бұрын басталғанымен, 152 шақырымның Жарма ауданындағы бөлігі мердігерлердің салғырттығынан аяқталмай қалған еді. Әсіресе, жол бойындағы ауылдар жазда шаңнан, көктемде батпақтан мезі болды. Бұл туралы біздің арна да мәселе көтерген болатын. Енді, міне, түйткілдің түйіні тарқап, осы мақсатқа «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен қаржы бөлініп отыр.

Нұрлан Сыдықов, Жарма ауданының әкімі:

- Желтоқсанның басында сол конкурс аяқталып, ұтып алған фирма келесі жылдан бастап осы құрылысты бітірмекші ойлары бар. Мұның құны 3 жарым млрд теңге.

Хабар 24 телеарнасы