378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Париж тұрғындары түтіннен зардап шегіп отыр

  • 558

Франция астанасы Париж қаласының тұрғындары бір аптадай болды шаһарды тұмшалаған түтіннен зардап шегіп отыр.

Әсем қала мұндай ластануды соңғы рет 10 жыл бұрын басынан кешірген. Қазір оның адамға қауіптілігі қызыл деңгейге жеткен. Сондықтан жергілікті билік тұрғындарды жеке көліктерін тастап, қоғамдық көліктермен жүруге шақырды. Тіпті олармен жүру тегін етілген. Осымен қатар жұп нөмірлі жеке көліктерге қала көшелеріне шығуға тыйым салынған. Ал шаһар ауасының ластануына көліктер мен пештерден шыққан түтіннің желдің жоқтығынан таралмай отырғаны себеп болған. 

Хабар 24 телеарнасы