379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. Қазақстандағы билік транзиті

  • 851
  • UPD: 11:50, 21.03.2019

Бүгінде баспасөз беттеріндегі басты тақырып, Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен ҚР Президенті өкілеттігін тоқтатуы. Кейбір саясаткерлерлердің өзі  Қазақстанда дәл осындай билік транзиті болатындығын күтпегендігін айтып отыр.

Ал шындығында бұл шешім терең ой, көп толғаныстан туындағаны анық. Бұл турасында «Егемен Қазақстан» газетінде түркиялық профессор Куршад Зорлу мынандай пікір білдіреді. 

Куршад Зорлу, профессор /Түркия/:

- Нұрсұлтан Әбішұлы қабылдаған шешімнің төркінін 2017 жылғы оқиғалардан іздеуге болады. Яғни, Қазақстан басшысы өкілеттігін тоқтатуға қатысты шешімді сол кезден бастап жоспарлаған тәрізді. Мемлекет құрушы Президент ретінде Н.Назарбаев 2017 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес 30-дан астам өкілеттігін Парламент пен Үкіметке берген болатын. Елдің басқару жүйесіне үлкен өзгеріс әкелген аталған шешімді қоғам жеткілікті деңгейде түсінген жоқ. Қазақстанда қуатты президенттік моделден президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшудің іргетасы осылай қалана бастаған еді.

Мемлекет басқаруға кіріскен Қасымжомарт Тоқаев елге танымал, халықаралық дәрежеде өзін мойындатқан тұлға. Сондықтан оның жоғары билікке келуі заңды құбылыс –дейді саясаттанушылардың  дені. Қашаннан Елбасының қасында, сенімді серігі. Сол себепті Тұңғыш  Президент бастап берген даму жолынан ауытқымасы анық. Келесі циататаға кезек берелік.

Нұрлан Оразалин, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікті қолына алуы бір күннің, бір сәттің немесе бір кездің ғана шешімі емес. Бұл өзі 1995 жылы қабылданған жалпыхалықтың референдумда бекітілген Констиуцияның әрбір үтір-нүктесін сақтай отырып жасалған қадам деп бағалауға болады. Осы кезеңдегі билікті Қасым-Жомарт Кемелұлына тапсыруы, біріншіден, Конститутциялық жағынан дұрыс. Екіншіден, шындығында Қасым-Жомарт Тоқаев – үлкен саяси мектептен өткен, Елбасының қасында жүріп, тәуелсіздікке қатысты мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатына жан-тәнімен араласқан, үлкен жауапкершілікті сезінетін тұлға, мемлекет қайраткері.

Еліміз  үшін бұл тарихи күннің маңыздылығы жайлы нумереолог, балгерлер  де өз білгендерін айтып жатыр.  Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатындығы туралы  2019 жылдың 19 наурызында  және дәл сағат 19:00-де жариялауы  ең қолайлы уақыт. Кез келген адаммен жақын байланыс орнатуға жайлы күн екен  Бұл туралы нумеролог Ирина Кальницкая айтыпты деп «Алаш айнасы» жазады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17 мамырда дүниеге келгендігін жақсылыққа балап отыр.

Ирина Кальницкая, нумеролог:

- 17 – жұлдыздар мен жаратушының саны. Сол секілді, қараңызшы, бүгінгі күн де бірігу, жаңа жол символын білдіреді. Яғни, бұл күн қазақстандықтардың бір отбасы секілді жарқын болашаққа бірге қадам басуға әзір екенін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы