389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. «Томирис» фильміндегі тарихи деректер көптеген пікірталасқа негіз болды

  • 325
  • UPD: 12:42, 09.10.2019

Биыл қазақтың қабырғалы қаламгері Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толып отыр.

Осыған орай қазақ басылымдарында жазушыға арналған мақалалар мен естеліктер дүркін-дүркін жарық көріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Егемен Қазақстан» газеті де бұл үрдісті жалғап, «Замананың заңғары» деген көлемді дүние жариялады. Авторы – мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаев. Мақалада жазушының қаламгерлік қырынан бөлек, қайраткерлігі де баяндалады.  

 

«Қазақ әдебиеті». «Мен көрген Энкиду»

Шолуымызды тағы бір естелікпен жалғаймыз. «Қазақ әдебиеті» газетінде ақын, әдебиетші ғалым Әмірхан Балқыбекке арналған эссе жарық көрді. «Мен көрген Энкиду» деген тақырыппен. Авторы – жазушы, журналист Дидар Амантай. Естелікте қос замандас алғаш жүздескен сәттен бастап қатар жүрген кездері баяндалады. Сондай-ақ автор ақынның сөз өнеріне қаншалықты адал болғанын айрықша атап өтеді.

 

«Айқын». Ақан Сатаев: «Томиристі» тектен-тек таңдамадық

Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан көп тақырыптың бірі – «Томирис» фильмі. Әсіресе, ғаламторда Ақан Сатаевтың туындысына арналған мақала мен жазбалардан көз сүрінеді. Ал «Айқын» газетінің соңғы санында режиссердің сұхбаты шықты. Автор әуелі прокатқа неге фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасы шықпады деген сұраққа жауап алады.

Фильмдегі тарихи деректер көптеген пікірталасқа негіз болды. Мәселен, Кирдің басын кім алды деген сұраққа жауап іздегендер көп болды. Режиссер бұл жайтқа да қатысты түсінік берді.

Хабар 24 телеарнасы