369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы ресми сапармен Түркияға барды

  • 267
  • UPD: 00:28, 13.09.2018
Мемлекет басшысы ресми сапармен Түркияға барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Түркияға барды.

Елбасы мінген ұшақ кешқұрым Астана уақытымен 21:30-да Анкарадағы Есенбұға әуежайына қонды. Қазақ басшысы ертең Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен екі жақты кездесу өткізбек. Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға жасаған ресми сапары барысында Анадолы жұртындағы бизнес қауымдастық өкілдерімен жүздеседі. Олардың арасында ауыл шаруашылығы, геология, тау-кен металлургиясы, химия өнеркәсібі, машина жасау, мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі, фармацевтика саласындағы үздік компаниялардың басшылары бар. Бизнесмендерді табысын еселеуге мүмкіндік беретін жобалар қызықтырып отыр. Яғни Қазақстанға инвестиция салуға ниетті. Сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық кеңестің үшінші отырысына қатысады. Оның қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданбақ.

Осы категория бойынша: « Елбасы ресми сапармен Түркияға барады Елбасы Түркиядағы іскер топ өкілдерімен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы