360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

  • 328
  • UPD: 15:33, 21.09.2018

Биыл уран сату көлемі соңғы үш жылдағы орташа көрсеткіштен едәуір жоғары болады.

Бүгін Елбасының қабылдауында болған «Қазатом-өнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасы осындай жаңалықпен бөлісті. Ғалымжан Пірматов Мемлекет басшысына атқарылған шаруалар жөнінде есеп берді. Уран өндірісі ұлғайғаннан кейін ұлттық компания  әлемдік нарықта өндіріс ауқымы жағынан ғана емес, сондай-ақ сату көлемі жөнінен де ірі кәсіпорынға айналатындығын тілге тиек етті. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» әлемдік атом өнеркәсібі саласында маңызды орын алатынын атап өтті.

Ғалымжан Пірматов, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:

- Біз әлемдік атом саласындағы жағдайды мұқият саралап, дамудың жаңа стратегиясын қабылдадық. Біз қазірдің өзінде оның жемісін көріп жатырмыз. Былтырғы жыл мен биылғы 8 айды қоса есептегенде,  компания өндірістік және қаржылық жоспарларының бәрін орындады. Осы жылы төленетін дивиденттер 2017 жылмен салыстырғанда 2 есе артады деп болжап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы