384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып жатыр

  • 244
  • UPD: 14:02, 19.06.2019

Қарағанды облысында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтіп жатыр.

Салтанатты шараға Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда. Жарыста 700-ге жуық өрен бақтарын сынайды. Олар еліміздің әр өңірінен іріктеліп алынған. Әскери училищеде білім алатын жеткіншектер бірнеше сайыс түрі бойынша кіл мықтыдан кім мықтыны анықтамақ. Аталған сайыс осымен 5-жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Қорғаныс  министрлігінің қызметкерлері байқаудың ауқымы жыл сайын кеңейіп жатқанын айтады. Іргедегі елдер де қызығушылық танытқан. Осы күні елімізде ұлттық әскери-патриоттық орталық жұмым істеп тұр. Оған 170 мыңнан аса өрен мүше болып үлгірген.

Хабар 24 телеарнасы