384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты

  • 268
  • UPD: 15:13, 05.07.2019

Елорда күнін тойлау ресми түрде басталды. «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі ұйымдастырылды. Саланатты шараға  Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көк байрақ қаланың қақ ортасында орналасқан. Биіктігі 111 метр болатын тұғырға қойылған тудың ені 15, ал биіктігі 30 метр. Салмағы 100 келіге жуықтайды. Елордадағы мемлекеттік бұл нышан еліміздегі ең үлкен ту саналады. Салтанатты шараға қатысқан Президент қала тұрғындары мен қонақтарын Елорда күнімен құттықтап, шаһардың адымы алшаң екенін айтты. Осы рәсімнен кейін Мемлекет басшысы әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен табыстады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты Ту көтеру рәсімі өздерің сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтуде. Бұл аға буынның сіздерге деген зор сенімін көрсетеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 4 туындысы елордамыз, халқымыздың жарқын болашаққа деген ұмтылысын айғақтайды. Бас қаламыз бір ел, бір халық болып жұмылған еліміздің жүрегі. Ел астанасы бүгінде халықаралық жиындар өтетін аса маңызды геосаяси орталыққа айналды.

Хабар 24 телеарнасы