386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана LRT-ның» бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

  • 260
  • UPD: 13:39, 30.07.2019

«Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында компанияның қазіргі басшысы Бекмырза Игенбердинов айтты. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арданның үстінен қылмыстық іс қозғаған еді. Оны қамауға алу туралы өтінішхат жолдаған. Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, сот Арданға қатысты сырттай шешімі шығарып, халықаралық іздеу жариялаған. Қазір Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр.

Бекмырза Игенбердинов, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы:

– Күдіктінің ұстау туралы сот сырттай шешім шығарды. Халықаралық іздеу жарияланды. Бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатқандықтан, өзге ақпараттарды жариялай алмаймыз. Бұл мәселе 2008 жылдан бері айтылып келеді.

Хабар 24 телеарнасы