443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Мемлекеттік тіл ұлтаралық байланыс тіліне айналуы қажет

  • 275
  • UPD: 15:35, 29.02.2020

Еліміздегі ұлтаралық және этносаралық қатынасты қайта қарау керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ақпараттық-сараптамалық порталға берген эксклюзивті сұхбатында осылай деді.

Ертең Президент жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барады. Сондағы Қордай халқымен кездеспекші. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан – бірлікті ту еткен мемлекет.

«Шетелдіктер бізді қазақ елі деп таниды. Өзге ұлт өкілдерінің дәстүрі мен ділі құрметтеледі. Ал мемлекеттік тіл ұлтаралық байланыс тіліне айналуы қажет» деді Қ.Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы