443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны расталған жоқ

  • 218
  • UPD: 14:04, 04.03.2020

Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген мәлімет расталмады.

Оның бойынан індеттің белгілері мүлде анықталмаған. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Еске салайық, кеше Оңтүстік Кореядағы әлеуметтік желілерде отандасымыздан қауіпті вирус анықталды деген ақпарат тарап, оның дәрігерлерден қашып жүргені және бұл мәліметті жергілікті полиция қызметкерінің хабарлағаны айтылған еді. Елшілік өкілдері мән-жайды саралап, Қазақстан азаматының ауру жұқтырмағанын анықтады. Ол тек бірнеше күн бұрын коронавирусқа шалдыққан азаматпен қоғамдық орында болып, жергілікті дәрігерлердің бақылауына алынған. Тексеру нәтижесінде оның бойынан ауру белгілері байқалмаған.

«Азаматымыздың хал-ахуалы жақсы және қосымша ем-дом қажет етпейді», – дейді министрлік өкілдері.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

– Сараптамадан өтпеген. Ешқандай клиникалық белгілері байқалмаған. Сол отырған асханада басқа біреулер коронавирус жұқтырғаннан кейін барлығын тексеріп жатыр екен. Жағдайы жақсы, үйінде.

Хабар 24 телеарнасы