379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтіп жатыр

  • 162
Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтіп жатыр

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім бәйгесіне Қазақстанның барлық аймағынан жоғары сыныптың 663 оқушысы жиналды. Гуманитарлық бағыттағы байқаудың 1-турында қатысушылар шығарма, эссе жазса, 2-кезеңде ауызша сынақ тапсырады. Барлық аудиториялардан бейнетрансляция жасалады. Бұл ашықтық пен біліктілік бәсекесінің әділ өтуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар әр сайыскердің тапсырма шешімі шифрлы түрде «Дарын» орталығының сайтына жарияланады. Олимпиаданың мектепаралық кезеңіне миллионнан астам оқушы қатысқан. Ал аудандық сында 130, облыстық сайыста 13 мыңдай білімпаз жас бақ сынаған. Оқу-ағарту сүзгісінен сүрінбегендердің Сыр еліндегі шешуші сынақ қорытындысы 29 наурызда белгілі болады. 

Евгений Янке, қатысушы:

– Олимпиадаға жақсы дайындықпен келдім. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысаудамын.

Хабар 24 телеарнасы