383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысы бойынша 6 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсырады

  • 223
  • UPD: 11:23, 19.06.2019

Жамбыл облысы бойынша 6 мыңға жуық түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады.

Қазір емтихан тапсыруға арналған 10 орын дайындалды. Соның екеуі Тараздағы жоғары оқу орындарында болса, қалғаны аудандарда орналасқан. Естеріңізге сала кетейік, мектеп бітірушілер биыл 4 рет ұлттық бірыңғай тест тапсыруға мүмкіндік алды. Көбі қаңтар, наурыз айларында өздерінің білім деңгейін тексеріп көрсе, ендігі кезеңі 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Оған қатысуға барлық жағдай жасалған. Тараздағы жоғары оқу орындарының бірінде 2 мыңнан астам түлек тест тапсырады.

Әбілхан Садыбаев, ТарМУ қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары:

- Бүгінгі күнге тестілеу өткізетін 14 аудитория толық дайындалған. Барлық аудиторияларда қажетті кондиционерлер орнатылған. Тестілеу өткізу пунктінде медициналық қызмет жасақталған және қажет жағдайда медициналық персонал қызмет көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы