418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім және ғылым министрі ауыл мектептеріндегі қиындықтарды атады

  • 858
  • UPD: 11:30, 21.10.2019
Білім және ғылым министрі ауыл мектептеріндегі қиындықтарды атады syr-media.kz

Ауылдардағы шағын жинақталған мектептерде мұғалімдер жеткіліксіз, бір пәннің мұғалімі бірнеше пәннен сабақ беретін жағдайлар жиі кездеседі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты.

«Ауыл мектептерінде мұғалімдер тапшы, көптеген ауыл мектептерінде мектептерде бір ғана қазақ тілінің мұғалімі болады. Сол мұғалім физиканы да, химияны да, ағылшынды да бәрінен сабақ беріп отыр. Неге? Өйткені 1 ставка деген 18 сағат, ол 18 сағатқа шағын жинақталған мектептер болғаннан кейін жалпы сағат саны да аз болады. Сондықтан 5-6 сағатқа мұғалім бармайды. Бұл мәселе бойынша жалпы шағын жинақталған мектептерді қаржыландыру мәселесін, жалақы төлеу мәселесін қайтадан қарап жатырмыз», - деді А. Аймағамбетов.

Екінші мәселе ретінде ауыл-аймақтардағы интернаттерді дамыту мәселесін де атап өтті.

«Ауыл-ел бесігі» деген бағдарлама жүріп жатыр, осы бағдарламамен бірге интернаттарды дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізу керек. Үлкен ауылдарға интернаттар салып, бар интернаттарды жөндеуден өткізіп, балаларды сонда жатқызып оқыту керек», - деді министр.

Сонымен қатар ауылдардағы интернет мәселесіне де тоқталды.

«Үшінші мәселе – шағын жинақталған мектептерде интернет мәселесі өте күрделі. Көбісінде интернет жоқ деуге болады. Осы және басқа да мәселелерді қамту үшін Мемлекет басшысының тапсырмасының шеңберінде арнайы жол картасын дайындап, ұстаздар мен сарапшылармен талқылап, депутаттардың ұсыныстары болса, депутаттармен бірге бекітіп, келесі жылы бекітілетін мемлекеттік бағдарламада қарастырамыз», - деп қорытындылады.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы