388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада топырақ зертханасы ашылды

  • 148
  • UPD: 10:11, 26.10.2019

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ агротехникалық университет жанынан алғашқы топырақ зертханасы ашылды.

Бұл жерде сараптаманың 10 түрін жасауға мүмкіндік бар. Осылайша заман талабына сай зертхана егінді алқаптардағы астық шығымдылығын арттырып, ауылшаруашылық кәсіпорындардың шығындарын азайтуға сеп болмақ. Жалпы құны 300 мың еуро тұратын ауыл шаруашылығына аса қажетті әрі еуростандарттарға сай қондырғыларды сатып алуға германиялық университет грант бөлген. 

Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы ҚАЗАТУ ректоры:

- Бұл жерде тек қана ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана емес. Сонымен бірге Германияның ғалымдарымен бірге жұмыс істейміз. Шаруаларға қызмет көрсетеміз. Олардың жерлерін зерттеуге мүмкіндік туады. Бұрын көптеген фермерлер осыны білу үшін өзінің топырағын Америкаға, Еуропаға жіберетін. Қазір соны өзімізде істеуге мүмкіншілік туады.

Хабар 24 телеарнасы