418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы білім беру саласына 96 млрд теңге жұмсалады

  • 702
2020 жылы білім беру саласына 96 млрд теңге жұмсалады

Келер жылы Маңғыстау облысындағы білім беру саласына 96 миллиард теңге жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік оқушылардың қауіпсіздігіне баса назар аударып отыр. 2020 жылы 63 мектептің ішіне 106 әжетхана салынады. Бұл мақсатқа облыс қазынасынан 171 миллион теңге бөлінетін болды. 40 мектепке бейнебақылау камерасы орнатылады. Ал мұғалімдердің жалақысына 14 миллиард теңге қарастырылып отыр. Себебі келер жылы Президент тапсырмасына сәйкес, ұстаздардың айлығы 25 процентке көбейіп, орташа жалақылары 200 мыңнан 230 мың теңгеге дейін өсетін болады. Сонымен қатар алдағы жылы 3080 оқушыға арналған 3 жаңа мектеп пен 2 қосымша ғимарат құрылысы аяқталады. Бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұрған өңірде бұған қоса тағы 15 мектептің жобалық-сметалық құжаты жасақталып жатыр. Жалпы облыстың 2020 жылға арналған бюджеті 210 миллиард теңге болып бекітілді. Бұл биылғы жылғы қазынамен салыстырғанда 9 процентке көп.

Әлихан Қыраубаев, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары

– Бүгінгі таңда облыс колледждерінде оқитын студенттер саны – 19 мың. Жатақхананы 1400 студент қажет етсе, олардың тек 600-і қамтылған. 2020 жылдың бюджетінде туризм және политехникалық колледжі жатақханаларының жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 160 студент жатақханамен қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы